Оңтүстік Кореяда Showdown спортынан Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Корея Республикасында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында IBSA Showdown 2026 Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрлықтық додаға қатысушыларға жарыс ережелері түсіндіріліп, төрешілер құрамы таныстырылды.
Биылғы Азия чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын бес спортшы қорғайды:
- Серік Жүзбай;
- Бексырғаұлы Керім;
- Данияр Сақбосынов;
- Алина Сақбосынова;
- Айдар Саташев.
Қазақстандық спортшылар халықаралық аренада шеберліктерін шыңдап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етіп отыр.
Showdown – көру қабілеті бұзылған жандарға арналған, есту қабілеті мен тактильді сезіну арқылы ойналатын ерекше спорт түрі. Бұл спорт спортшылардан жоғары зейінді, шапшаңдықты, дәлдік пен жылдам әрекет етуді талап етеді.
Мұндай халықаралық жарыстарға қатысу қазақстандық спортшылардың кәсіби тәжірибесін арттырып қана қоймай, елімізде Showdown спортын дамытуға және оның танымалдылығын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстан құрамасына Азия чемпионатында сәттілік тілейміз! Спортшыларымыздың ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тілектеспіз!
Showdown федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры.



