шахмат

Асаубаева бастаған әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс жүлде алды

Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Дүниежүзілік олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Дүниежүзілік олимпиадада қатарынан екінші рет күміс медаль иеленді. 11 турдың қорытындысы бойынша қазақстандық команда 18 командалық ұпай жинап, жеті кездесуде жеңіске жетіп, төрт рет тең түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет Олимпиаданы бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.

20 ұпай жинаған Қытай құрамасы алтын медальға ие болса, 17 ұпаймен Үндістан қола жүлдені еншіледі.
Қазақстан құрамасы сапында Бибісара Асаубаевамен бірге Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нургалиева күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 2024 жылы Венгрияда өткен шахматтан Дүниежүзілік олимпиадада да Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алған болатын.

Бибісара Асаубаеваның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ал спортшының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Басқа жаңалықтар

Back to top button