Батуттық гимнастика

Мұсабаев – Әлем кубогының қола жүлдегері

Әзірбайжанның Баку қаласында батуттық гимнастикадан биылғы жылға жоспарланған алғашқы Әлем кубогы жолындағы жарыс өтті. Онда отандасымыз Данил Мұсабаев қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды "Qazaqsporty.kz" тілшісі.

Финалдық кезеңде сегіз спортшы сынға түсті. Бас жүлдені 61,850 ұпай көрсеткішімен белоруссиялық Иван Литвинович жеңіп алды. Екінші орын да белоруссиялық Андрей Буйловтың еншісінде. Ол финалдық кезеңде 60,800 ұпай жинады. Қола медальға ие болған Данил Мұсабаевта 58,890 ұпай.

Back to top button