БастыХоккей

Плей-офф: «Барыс» сырт айдында «Металлургті» ұтты

Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің ширек финалының алғашқы матчында Магнитогорскінің «Металлургімен» ойнады, деп жазады qazaqsporty.kz.

Сырт айдында өткен кездесуде алаң иелері фаворит саналған, сөйте тұра астаналық хоккейшілер қарсыластарынан басым түсті – 2:3.

Юрий Михайлис мына құрамға сенім артты: Ортио (Бояркин) – Морроу-Мартинссон, Савицкий-Вей-Асетов; Алсинг-Орехов, Михайлис-Вольф-Лиля; Савченко-Шалапов, Берглунд-Куник-Юрчо; Петухов-Сагадеев-Шестаков, Шайхмедденов-Қайыржан.

3 наурызда командалар Нұр-Сұлтан қаласында ойнайды.

«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – 2:3 (0:0, 0:1, 2:2)

Серия есебі: 0:1

Шайбы соққандар:

0:1 – 22:44 Юрчо (Куник)

0:2 – 40:52 Лиля

1:2 – 47:56 Виделл (Дронов, Яковлев)

1:3 – 49:40 Юрчо (Куник, Вей). 

2:3 – 52:21 Голдобин

Қақпашылар: Олкинуора – Ортио

Басқа жаңалықтар

Back to top button