Басты
Азия чемпионаты: семсерлесушілеріміз үздік үштікке енді
Өзбекстан астанасы Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі аяқталды.

Сары құрлық чемпионатында спортшылар үш қару түрінен сынға түсті. ҚР ҰОК мәліметінше, рапира, сабля және шпагамен семсерлесуден Азия үздіктері анықталды.
Қазақстан командасының спортшылары бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Шпагадан кадеттер арасындағы сында Богдан Лукин топ жарса, жасөспірімдер арасындағы сында Александр Федотов күміске қол жеткізді.
Жалпы командалық есепте Гонконг пен Өзбекстанды алға жіберген Қазақстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді.
Айта кетелік, турнирге құрлықтың 20 мемлекетінен 300-ден аса спортшы қатысты.



