Теннис

Дэвис кубогы: Қазақстанның Норвегияға қарсы ойнайтын құрамы анықталды

Норвегиның Осло қаласында 4-5 наурызда өтетін Дэвис кубогы іріктеу матчында кімдердің ойнайтыны белгілі болды.

Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып qazaqsporty.kz хабарлайды.

Бұл матчта еліміздің намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попко қорғайды. Норвегия алаңда Каспер Рууд, Виктор Дурасович, Лукас Хеллум Лилленген, Герман Хойерал және Симен Сунде Братхольмға сенім артады.

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағалау керектігін жеткізді.

«Норвегия теннисшілері рейтингте төмен тұрғанына қарамастан, құрамы осал емес. Екі күнге жоғары деңгейдегі бес ойын белгіленген. Сондықтан біз бәріне әзір болуымыз керек», — деді Ю.Щукин.

«Қазақстандықтардың тәжірибесі мол. Ал Норвегия құрамасында барлығы жастар, күш-жігері жеткілікті. Біз соны пайдаланғымыз келеді», — деді Норвегия құрамасының капитаны Андерс Хосет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button