
Бұл туралы футболшы Қазақстан Суперкубогынан кейін тілшілерге берген сұхбатында айтты.
-Қазақстан азаматтығын алдым. Енді төлқұжатымды реттеу ғана қалды, — дейді Пауло.
34 жастағы футболшы былтырғы жылдан бері «Қайрат» сапында ойнайды. Оның алдында Шымкенттің «Ордабасы» клубында өнер көрсеткен. 2019 жылдан бері Қазақстанда жүр.
Жалпы, Жоао спорттық карьерасында Болгарияның «Ботев» «Лудогорец», Бразилияның»Ферровиария», «Ботафого» (Жуан-Песоа), АБС, Оңтүстік Кореяның «Инчхон Юнайтед», «Тэджон Ситизен», «Кванджу» клубтарында ойнаған.



