АТР: Андрей Голубев тұңғыш рет 24-орынға көтерілді
Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Григорий Ломакин әлемдік рейтингте жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Андрей Голубев жұптық сында 24-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Ол спорттық жолында мұндай көрсеткішке алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Өткен аптада жұптық сында Колумбиядағы турнирдің финалына дейін жеткен жерлесіміз Григорий Ломакин бірден 48 сатыны артта қалдырды. Ол қазір 265-сатыда.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында 37-ші, Михаил Кукушкин 160-орында келеді. Дмитрий Попко 175-тен 169-ға көтерілді. Тимофей Скатов – 193-інші, Денис Евсеев – 341-інші, Бейбіт Жукаев 509-сатыда тұр.
Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18-орында қалса, Юлия Путинцева 47-ден 46-ға ауысты. Зарина Дияс 112-ден 113-ке сырғыды. Жұптық сында Анна Данилина 21-інші, Жібек Құламбаева 302-орында келеді.



