Шетел жаңалықтары

Мбаппе болашағына қатысты пікір білдірді

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «ПСЖ сапында қалуы мүмкін бе?» деген сауалға жауап берді.

Бұл туралы Prime Video-ға сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.

Бұған дейін  Мбаппенің «Реал» не «Барселона» сапына ауысуы мүмкін екендігі айтылған.

«Болашағыма қатысты әлі шешім қабылдаған жоқпын. Мұның себебі көп. Шешім қабылданса, оны міндетті түрде естуші едіңіздер. ПСЖ-да қалуым мүмкін бе? Әрине», — деді Мбаппе.

Transfermarkt бағалауынша, Мбаппе — әлемдегі ең қымбат ойыншы. 23 жастағы футболшының құны 160 млн еуро.

Басқа жаңалықтар

Back to top button