Таеквондо

Отандық таеквондошылар SWEDISH OPEN турнирінде жүлдегер атанды

Қазақстандық таеквондошылар Стокгольмде өтіп жатқан халықаралық Swedish Open G2 турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жавахирхан Исламов күміс медальге қол жеткізді. Жарыста қарсыластарын қоғадай жапырған отандасымыз тек финалда Нидерланд спортшысына жол берді.

Ал 58 келі салмақ дәрежесінің өкілі Самирхон Абабакиров үздік үштіктен көрінді. Жартылай финалда ол италиялық таеквондошыға есе жіберді.

Осы көрсеткіштің арқасында Исламов 12 ұпай, Абабакиров 7 ұпай еншілеп, халықаралық рейтингтегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.

29 сәуірде басталған аламан 1 мамырда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button