БастыТеннис

Теннис: Жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінде қазақстандықтар үшінші орынға ие болды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші орын үшін бәсекеде Таиландпен сынға түсті. Бірінші ұнайды Дамир Жалғасбай әперді. Жас қазақстандық теннисші бірінші партияда 2:6 есебімен есе жіберді. Есесіне екінші сетте 1:4 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын өзіне аудара білді. Үшінші, шешуші партияда есеп 3:5 болған мезетте таиландтық теннисшінің екі матчболын пайдалануына мүмкіндік берген жоқ. Сосын тағы бір брейк жасап, жеңісті жұлып алды – 7:5. Бұдан кейін Заңғар Нұрланұлы қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Есеп 2:0, Қазақстанның пайдасында.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет биыл күзде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button