БастыТеннис

Бублик Мадридтен ерте қайтады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өте алмай қалды.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған сербиялық Миомир Кецмановичпен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өткен жылдың қыркүйегінде елорда турнирінде өзара кездесіп, А.Бублик 2:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы сербиялық спортшы брейк жасап, бірінші партияны өз есебіне жазды – 6:4. М.Кецманович екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 7:5.

Бір сағат 18 минутқа созылған матч барысында А.Бублик 19 эйс жасағанымен, одан аса көп пайда көре қойған жоқ. Есесіне эйске қол жеткізбеген қарсыласы 7 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ.

М.Кецманович екінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 21 дүркін чемпионы, испаниялық Рафаэль Надальмен ойнайды. Жүлде қоры 6,7 млн еуродан асатын ірі жарыс 8 мамыр күні мәреге жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button