Басқа спорт түрлеріБастыСаламатты Қазақстан

«Қолжетімді спорт» жобасының II маусымының ашылу салтанаты өтті

Астана триатлон паркінде «Қолжетімді спорт» жобасының II маусымының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты.

«Бүгінгі жобамыз салауатты ұлт қалыптастыру  бағытында жақсы демеу болсын.  Біздің мақсатымыз-спортты тек әдетке айналдыру ғана емес, хобби немесе әуестену ғана емес, қазақстандықтардың өмір салтына айналдыру. Ол үшін біз барлық жағдайды жасаймыз. Іс-шараның барлық қатысушыларына сәттілік, жеке жетістіктер мен жеңістер тілеймін!»,- деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, мерекелік концерт аясында фристайлшылар, DJ Fara, WorldClassGreen фитнес-орталығының нұсқаушылары, бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының тәрбиеленушілері және Azimuth СК жас спортшылары өнер көрсетті.

Айта кету керек, сәуір айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы Қазақстанның 7 қаласында басталды. Осы маусымда бұл жоба 5 спорт түрін ұсынады: каратэ, скандинавиялық серуендеу, жүгіру, фитнес және үстел теннисі.

Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button