Теннис

Юлия Путинцева Римдегі турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Әлемнің 44-ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысынан сүрінбей өтті.

Жерлесіміз әлемнің 66-ракеткасы хорватиялық Ана Конюхты 4:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алды.

Жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын Римдегі сынға еліміздің бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады. Сонымен қатар жұптық сында Анна Данилина бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button