Теннис

Денис Евсеев Шымкенттегі турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шымкентте өтіп жатқан Beeline Challenger 80 турнирін жеңіспен бастады.

Евсеев үндістандық Мукунда Сасикумарды 7: 5, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды. Денис үш эйс жүзеге асырып, бес қателік жіберді.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші ресейлік Евгений Карловскиймен ойнайды.

Тағы бір отандасымыз Григорий Ломакин алғашқы айналымда румын Николас Йонелге жол берді – 0:6, 2:6.

Басқа жаңалықтар

Back to top button