Футзал

Футзал: «Аят» пен «Қайрат» жартылай финалға жолдама алды

Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекесінде екі команда жартылай финалға жолдама алды.

Екінші матч қатарынан Ақтөбенің «Рахмет» клубынан басым түскен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы «Қайрат» алғаш болып жартылай финалға қадам басты. Сонымен қатар Рудныйдың «Аят» клубы да алматылықтардың қатарын толықтырды. Олар елорданың «Нұрсұлтан» командасын жеңді.

Ал «Ақтөбе-» Атырау», «Бәйтерек» – «Каспий» жұптарында жеңімпаз үшінші матчта анықталады.

«Қайрат» – «Рахмет» – 6:0 (жалпы есеп – 11:1)

Голдар: Ақбалықов (2), Диего, Эдсон (2), Графский.

«Аят» – «Нұрсұлтан» – 5:2 (жалпы есеп – 12:8)

Голдар: Карпюк, Леандерсон (2), Пьер, Валиуллин – Кайо, Карбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button