Хоккей

Хоккей: Қазақстан құрамасы Латвиядан 1:10 есебімен ұтылды

Қазақстандық хоккейшілер 2022 жылғы әлем чемпионаты басталғанға дейін Ригада Латвия құрамасымен екінші жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды qazaqspoty.kz.

Бірінші кезеңде Латвия құрамасы үш шайба соқты. Алдымен Роберт Букартс екінші минутта көзге түссе, 13-минутта Артур Кулда есепті еселеді. Төрт минуттан кейін Ренарс Крастенберг таблодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізді.

Екінші кезеңнің басында Никита Михайлис есепті қысқартқан – 3:1. Алайда 15-минутта Мартинш Дзиеркалс өз командасын тағы да үш шайбаға алға шығарды. Қорытынды кезеңнің 18-минутында Родриго Аболс есепті 5:1-ге жеткізді.

Ал кешегі Латвия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде қазақстандықтар 0:5 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионаты 13 мамырда басталады. Қазақстан құрамасының алғашқы матчы 14 мамырда даниялық хоккейшілерге қарсы өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button