БастыФутбол

Бауыржан Байтана сәуір айының үздік ойыншысы атанды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2022 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша ел чемпионатының үздік ойыншысын анықтады.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы бапкерлер мен капитандар үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана Қазақстанның өткен айдағы үздік ойыншысы атанды. Сәуір айында өткен бес ойында Бауыржан бір гол соғып, 4 нәтижелі пас авторы атанды. Өзінің пайдалы ойынымен ол «Таразға» турнирлік кестеде көш бастауға мүмкіндік берді.

Сауалнамада екінші орынды сәуір айында «Қайрат», «Қызыл-Жар СК» және «Тобыл» қақпаларына 5 гол соққан «Ордабасы» шабуылшысы Серж Ньюадзи иеленді.

Үздік үштікті «Атырау» командасының жартылай қорғаушысы Андрия Филипович қорытындылады. Хорват өткен айда нәтижелі соққымен үш рет көзге түсті. Хорватиялық ойыншының «Тобыл» және «Тараз» қақпаларына соққан голдары «мұнайшыларға» жеңіс алып келді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button