Теннис

Екі қазақстандық теннисші Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

Шымкентте өтіп жатқан Beeline Challenger 80 турнирінде жекелей және жұптық сында ширек финалға өткен теннисшілер анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Григорий Ломакин мен Денис Евсеев жұптық сында ширек финалға өтті. Г.Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге ресейлік Богдан Бобров – өзбекстандық Денис Истоминді 6:2, 3:6, 10:6 есебімен тізе бүктірді. Григорий мен Ян жартылай финалға өту үшін норвегиялық Виктор Дурасович – ресейлік Иван Гаховпен таласады.

Д.Евсеев ресейлік Александр Шевченкомен бірге қазақстандықтар Тимур Мәуленов – Достанбек Ташболатовты 6:4, 6:1 есебімен ұтты.

Ертең Д.Евсеев пен А.Шевченко ширек финалда үндістандық Арджун Кадхе – украиналық Владислав Манафовпен шеберлік байқасады. Үндістандық-украиналық жұп қазақстандық Бейбіт Жукаев пен ресейлік Алибек Качмазовтан басым түсті.

Жекелей сында Д.Евсеев Шымкент челленджер турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол екінші айналымда ресейлік Евгений Карловскийден ұтылып қалды – 6:3, 3:6, 2:6.

Басқа жаңалықтар

Back to top button