БастыТеннис

Путинцева әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасынан басым түсіп, үшінші кезеңге өтті

Қазақстандық, әлемнің 40-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі 10-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте жеңімпазы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, барлығында да испаниялық теннисші басым түскен болатын.

Бұл жолы бірінші партияда Г.Мугуруса басымдық танытты – 6:3. Екінші сетте испаниялық спортшы матчқа доп бергенде, Ю.Путинцева қайраттық таныта алды – 5:5. Сосын тай-брейкте таразы басын аудара білді – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші қарқынын тіпті үдетті – 6:1. Екі сағат17 минутқа созылған матч барысында Ю.Путинцева 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Путинцева жүлде қоры 2,5 млн еуродан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен таласады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button