Күрес

Күрес: қыздарымыз халықаралық жарысты екі алтынмен бастады

Қазақстандық бұрымды балуандар Болгарияда өткен халықаралық турнирді сәтті бастады.

Болгарияда әйелдер күресінен «Петро Сираков және Иван Илиева» атындағы халықаралық турнирі басталды. ҚР ҰОК мәліметінше, 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен халықаралық бәсекеде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.

Алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық спортшылар тізімі:

Алтын – Диана Каюмова (59 келі)

Алтын – Гүлсеназ Бухаева (65 келі)

Күміс – Лаура Алмағанбетова (55 келі)

Қола – Ағайша Ибрашева (59 келі)

Қола – М. Иманбекова (68 келі)

Басқа жаңалықтар

Back to top button