Теннис

Андрей Голубев Римдегі турнирдің финалына шыға алмады

Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге жартылай финалда америкалық Джон Изнер – тағы бір аргентиналық Диего Шварцманмен күш сынасты. Бірінші партияда америкалық-аргентиналық жұп бір брейкпен басымдық танытты – 6:4.

Екіншісінде А.Голубев пен М.Гонсалес дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4. Супер тай-брейкте Д.Изнер мен Д.Шварцман жеңіске жетті – 11:9.

Басқа жаңалықтар

Back to top button