Басты

Хоккей: әлем чемпионатында Қазақстан Францияға да жол берді

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Франциядан ұтылды.

Финляндияда өтіп жатқан аламанда А тобындағы ойын 1:2 есебімен аяқталды.

Алғашқы кезең Юрий Михайлис шәкірттерінің басымдығымен аяқталды: 5-минутта Валерий Орехов есеп ашты.

Екінші бөлікте француздар таразы басын теңестірді – 32-минутта Александр Тексье мергендігімен танылды. Ал үзіліске 25 секунд қалғанда Франция Флориан Шакиашвилидің голының арқасында есепте алға шықты.

Қорытынды кезеңде есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша құрамамыз ӘЧ-де қатарынан екінші рет жеңіліс тапты. Бұған дейін Қазақстан Даниядан 1:9 есебімен ойсырай жеңілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button