Таеквондо

Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open жарысына қатысады

Инсбурктегі Австрия ашық турнирі 28-29 мамыр аралығында өтеді.

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық Austrian Open турниріне соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев пен Спортты дамыту дирекциясының директоры Марат Мықтыбеков таеквондошыларымыздың «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында өтіп жатқан даярлық жұмыстарымен танысып, спортшыларға алдағы маңызды сындарда сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Инсбурктегі Австрия ашық турнирі 28-29 мамыр аралығында өтеді.

Сонан соң саңлақтарымызды маусымда Италияда жалауы желбірейтін Гран-при және Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионаты күтіп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button