Шетел жаңалықтары

Жеңілмеген боксшы чемпиондық атағынан айырылды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы шотландиялық Джош Тейлорді (19-0, 13 КО) чемпиондық атағынан айырды.

Бұл туралы ұйымның ресми өкіліне сілтеме жасай отырып Fightnews.info хабарлайды, деп жазады qazaqsporty.kz.

Бұған Джоштың доминикандық Альберто Пуэлломен (20-0, 10 КО) міндетті жекпе-жек өткізуден бас тартуы себеп болған.

WBA-дің бұл шешіміне қатысты Тейлордің өзі де пікір білдіріп үлгерді.

«Титулдан бас тартқан өзім. Белбеуді шешу туралы шешімді өзім қабылдадым», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button