Таеквондо

Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады

Әлемнің 191-ракеткасы қазақстандық Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды.

ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 203-орында тұрған аргентиналық Сантьяго Родригес Тавернемен кездесті. Тимофей Скатов қарсыласына 5:7, 1:6 есебімен есе жіберді.

Биыл Франция ашық чемпионатында жекелей сында әйелдерден Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов Қазақстан атынан шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button