Басқа спорт түрлеріБастыБокс

Алуа Балқыбекова қарсыласын нокаутқа жіберіп, финалға шықты

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Түркияның Стамбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда болгариялық Севда Асановамен жұдырықтасты. Алуа бірінші раундта қарсыласын ауыр соққылардың астына алып, нокаутқа жіберді.

Енді оның финалдағы қарсыласы Түркия спортшысы Айсе Чагирыр болмақ.

Айта кетерлігі, әлем біріншілігінің финалдық кезеңі 19-20 мамыр күндеріне жоспарланған.

Тағы бір қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова қола жүлдені қанағат тұтты. Ол 52 келіге дейінгі салмақта таиландық Джутамас Джитпонгпен рингке шықты. Бұл жекпе-жекте жеңіс төрешілердің шешімімен таиландтық боксшыға берілді – 1:4.

Бүгін тағы үш қазақстандық спортшы жартылай финалда көрсетеді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button