Шетел жаңалықтары

Левандовский “Барселонаға” ауысу бойынша келісімге келді

Мюнхеннің "Бавария" клубы мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски "Барселонаға" ауысуға жақын тұр.

Николо Скира есімді журналистің мәліметінше, 33 жастағы футболшы каталондық клубпен жеке келісімшарттарының талаптарын келіскен. Келісімшарт 2025 жылға дейін жасалған деген ақпарат бар.

Енді «Барселона» «Бавариямен» трансфер талаптарын келіссе болғаны. Левандовскидің мюнхендіктермен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін еді.

Левандовски «Бавария» сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Бұл маусымда ол клуб сапынба 46 ойын өткізіп, 50 гол соқты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button