Шетел жаңалықтары

«Айнтрахт» Еуропа лигасында жеңімпаз атанды

Негізгі және қосымша кезең тең есеппен аяқталды – 1:1.

Севильядағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткен Еуропа лигасының финалдық матчында Германияның «Айнтрахт» пен Шотландияның «Рейнджерс» клубтары ойнады.

Негізгі және қосымша кезең тең есеппен аяқталды – 1:1, жеңімпаз тек  пенальти сериясында анықталды: «Айнтрахт» – 5:4.

Есеп екінші таймда ашылған. 57-минутта «Рейнджерс» жартылай қорғаушысы Джо Арибо мергендігімен көзге түсті. Ал 70-минутта  «Айнтрахт» сапынан Рафаэль Борре таразы басын теңестірді. Ойындағы жеңіс голын осы Борре соқты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button