Хоккей

Жеңілістен көз ашпадық. Хоккейшілеріміз Канадаға есе жіберді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Канадамен кездесті.

Қазақстандық хоккейшілер канадалық қарсыласымен тең деңгейде ойын көрсетіп жатқан, тіпті екі рет алға да шықты. Дегенмен ойын қорытындысында канадалықтар 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Отандастарымыз арасынан Егор Петухов, Аркадий Шестаков пен Кирилл Савицкий қақпаны дәл көздесе, үйеңкі жапырақтылар елінен мергендігімен Дилан Козенс (хет-трик), Дрейк Батерсон, Адам Лаури мен Дэймон Сиверсон көзге түсті.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Дания, Франция және Швейцария құрамаларына есе жіберді. Бүгін, 20 мамырда, жерлестеріміз Cловакияға қарсы матч өткізеді.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция құрамаларымен бірге А тобында сынға түсіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button