Басқа спорт түрлері

Алматыда пауэрлифтингтен әлем чемпионаты басталды

Алматы қаласындағы «SADU ARENA» спорт кешенінде пауэрлифтингтен әлем чемпионаты жалауын көтерді.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты, деп хабарлайды ведомстовның баспасөз қызметі.

Байрақты бәсекеде 36 елден 579 спортшы бақ сынайды.

Пауэрлифтингтен әлем чемпионаты ҚР аумағында бірінші рет өтеді және 50-әлем чемпионаты болып саналады.

Бұл сында ел намысын ұлттық құрама команда атынан 169 спортшы қорғайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button