шахмат

Ел біріншілігі: шахматшылар финалдық жолдаманы сарапқа салды

Қазақстандық шахмат федерациясы 2022 жылғы 14-22 мамыр аралығында Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан 2022 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жартылай финалы өткенін хабарлайды.

Ерлер арасындағы жартылай финалда алтынды FM Әбілмансұр Әбділхаир (Шымкент қ.), күміс медальді IM Константин Казаков (Павлодар қ.), қола IM Арыстанбек Уразаев (Ақтөбе қ.) жеңіп алды. Алматы облысының WIM өкілі Алуа Нұрманова қосымша көрсеткіштер бойынша 4-орынға ие болды.

Әйелдер жартылай финалында бірінші орын иегері WCM Зейнеп Сұлтанбек (Шымкент қ.), екінші орынды WCM Елназ Қалиахмет (Алматы облысы), үшінші орынды Кристина Попандопуло (Қарағанды облысы) иеленді. 

Екі турнир жүлдегерлерінің алғашқы үштігі бір миллион теңге көлемінде жүлде қорын бөліп және Қазақстан Республикасы чемпионатының финалына қатысу құқығына ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button