Шетел жаңалықтары

Зидан жаңа клуб тапты

Мадридтік "Реалдың" бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан "Пари Сен-Жермен" командасының бас бапкері атануы мүмкін.

RMC Sport ақпараты бойынша, француз маманы Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Танимен париждіктердің жаттықтырушысы лауазымына тағайындау жөнінде келіссөздер жүргізген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы қыста ПСЖ иелері Зиданды клубты басқаруға көндіруге тырысты, бірақ ол бұл ұсыныстан бас тартқан. Париж клубының қазіргі бас бапкері – аргентиналық маман Маурисио Почеттино.

Зидан 2021 жылдың жазынан бастап, яғни «Реал Мадридтен» кеткелі ешбір клубпен келісімшарт жасасқан жоқ. Испан командасымен француз маманы 11 түрлә атақты жеңіп алды.

Почеттино басшылығымен ПСЖ Франция чемпионатын, Кубогын және Суперкубогында топ жарды. 82 матчта париждіктер 54 жеңіске жетіп, 13 рет тең ойнады және 15 рет жеңілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button