БастыХоккей

Шайбалы хоккей: Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан құрамалар

Хоккейден әлем чемпионатында ширек финалға шыққан командалар анықталды.

Финляндияның Хельскини қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты алдымен екі топқа бөлінген. А тобынан Швейцария, Германия, Канада, Словакия үздік төртікке енсе, В тобында Финляндия, Швеция, Чехия және АҚШ осындай мүмкіндікке ие болды.

Ширек финалдың жұптары:

Чехия мен Германия;

Швеция мен Канада;

Швейцария мен АҚШ

Финляндия мен Словакия.

Ширек финал ойындары 26 мамырда өткізілсе, жартылай финал 28 мамырға белгіленген. Финал 29 мамырға белгіленген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button