Таеквондо

Таеквондодан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері мен мемлекеттік жаттықтырушыны тағайындады

Комитет төрағасының бұйрығымен 16 мамырдан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Еставлетов Батырбек Жоламанұлы тағайындалды. Ал Палмағамбетов Серік Әбдірахманұлы мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне тағайылдалды. Бұған дейін бұл қызметті Арман Шылманов атқарып келген, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Батырбек Еставлетов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.

Серік Палмағамбетов – үшінші дан иесі, халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button