Басқа спорт түрлері

Ислам Усейнов нысана көздеуден Әлем кубогында жүлдегер атанды

Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден Әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды.

Бұл күндері Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден Әлем кубогы өтіп жатыр.

10 метрден пневматикалық мылтықтан көздеп ату бойынша отандасымыз Ислам Усейнов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша 260.5 ұпай еншілеп, жарыстың үшінші орынына ие болды.

Айта кетерлігі, хорватиялық Миран Маричич жеңімпаз атанса, сербиялық Лазар Ковачевич күміспен күптелді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button