Хоккей

Шайбалы хоккей: Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатында В тобында ойнайды

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты топ-дивизионында Қазақстан қай топта ойнайтыны белгілі болды.

2023 жылғы әлем чемпионатын Рига (Латвия) мен Тампере (Финляндия) қалалары қабылдайды.   Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия, және Словения құрамалары.

Ал А тобында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Австрия және Венгрия шеберлік байқасады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button