шахмат

Жансая Әбдімәліктің командасы Бундеслигада топ жарды

25-29 мамыр аралығында Жансая Бундеслиганың соңғы бес турына қатысты.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік OSG Baden-Baden командасының құрамында неміс бундеслигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды «Қазақ спорты».

25-29 мамыр аралығында Жансая Бундеслиганың соңғы бес турына қатысты. Оның командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Соңғы турда басты қарсыластары – SK Schwäbisch Hall командасымен кездесу өткізіп, бұл ойын шешуші рөл атқарды. Қазақстандықтың командасы 3,5:2,5 есебімен жеңіске жетті.

Әбдімәлік бірінші тақтада бес партия ойнады. Ол үш партияны жеңіп, екеуін тең аяқтады. Қазақстандық шахматшы клубпен 2019 жылы келісімшартқа қол қойған.

Соңғы рет OSG Baden-Baden 2018 жылы чемпион атанған болатын. Клуб Бундеслига тарихында 12-рет топ жарып, өзіндік рекорд орнатты.

Динара Сәдуақасованың командасы Бундеслигада екінші орын алды. Ал чемпионатқа барлығы 12 команда қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button