Футзал

Футзалдан ұлттық құрама балалармен достық матчын өткізді

Елімізде тұңғыш рет Балалар жылына орай Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен футзалдан Қазақстан ұлттық құрама команда мүшелері және жас спортшылар «Достық матчын» өткізді.

Қазақстанның әр аймағынан іріктелген 2010 жылғы үздік жас спортшылар әлем чемпионатының төртінші орын иегерлері, Еуропа чемпионатының қола жүлде иегерлері, Кака шәкірттеріне қарсы ойнады.

Тартысқа толы додада балалар барын салды. Есеп 8:8. Ұлттық құрама капитаны жас спортшылардың техникасына жоғары баға берді.

«Балалардың осындай мерекесінде олармен бірге болғанымызға өте қуаныштымын. Балалардың техникасы жақсы. 8:8 өте жоғары нәтиже. Маған матч өте ұнады. Тамаша әсер алдым. Шара ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін. Келесі жылы да осы жерде болғым келеді», – деді  әлемнің үздік қақпашыларның бірі Игита.

Еуропаның ең үздік бомбардирі Біржан Оразов елімізде футзал қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

«Мұндай іс-шара өте керек деп ойлаймын. Өйткені, жастар біздің болашағымыз, осы спорттың әрі қарай дамуына себепкер. Бұл балаларға үлкен мотивация деп ойлаймын. Қазір футзал өте жақсы дамып келеді. Біздің ұлттық құрама жоғары деңгейде ойын көрсетіп жүр. Енді осы қазақ балаларымыз үлкен футзал жұлдыздарына айналса деп тілеймін», – деді Біржан Оразов.

Өздерінің сүйікті ойыншыларымен бір залда ойнау мүмкіндігіне ие болған балалардың қуанышында шек болмады.

«Менің сүйікті ойыншым – Біржан Оразов. Осындай мықты ойыншылармен бірге ойнағаным үшін бақыттымын. Бұл  кез келген кішкентай футболшының арманы. Сыйлықтар мен шақырту үшін көп рахмет. Бұл күн менің есімде қалады», – деді көкшетаулық Альмерек Карбаев.

«Маған ойын ұнады. Спортшылар мен ұйымдастырушыларға рахмет. Мен сүйікті спортшыларымның қолтаңбасын алдым. Және біздің футзал құрамасы жеткен жетістіктерге жету үшін барымды салмын»– деді Тимур Ахметзянов.

маусым – Балаларды қорғау күніне арналған шағын футболдан мерекелік матчта ұлттық құрама сапында: Игита, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Эдсон Гомес Дос Сантостар өнер көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, балалар арасында бұқаралық спортты дамыту деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде.

Шағын футбол матчі ФИФА қағидалары мен «Қазақстан Республикасында футбол турнирлерін өткізу» ережесіне сәйкес өтті.

Сондай-ақ матчқа қатысқан жас спортшылар медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Матч кезінде жас спортшылар мен еліміздің футзал құрамасы өздерінің қолтаңбалары қойылған доптармен алмасты.

Көрермендер футзалдан ұлттық құрама команда мүшелерімен суретке түсіп, қолтаңбаларымен түрлі сыйлықтар ұтып алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button