Басты

Абат Айымбетовтің дублі Қазақстанға жеңіс әкелді

Ұлттар лигасының С дивизиондағы Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы матч аяқталды.

Бұл ойында Магомед Адиев шәкірттері жеңіске жетті. Бірінші кезеңде есеп ашылған.  Үзіліске дейін гол соғылмаса да, қонақтар ширақ көрінген.

Ал екінші таймда Қазақстан құрамасының бас бапкері Бауыржан Байтананың орнына Рамазан Оразовты шығарған. Осыдан кейін ойын түрленіп сала берді. Айналдырған 10 минуттың ішінде шабуылшы Абат Айымбетов дубль жасады.

Осылайша, отандастарымыз Ұлттар лигасын жеңіспен бастады. Енді ұлттық құрама 6 маусым күні сырт алаңда Словакиямен кездеседі.

Қазақстан – Әзірбайжан – 2:0

Голдар: Айымбетов, 50 (1:0). Айымбетов, 61 (2:0).

Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Александр Марочкин, Елдос Ахметов (Сергей Малый, 79), Бағдат Қайыров – Асхат Тағыберген (К) (Жарынбетов, 85), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов (Исламбек Қуат, 73), Бауыржан Байтана  (Рамазан Оразов, 46), Абат Айымбетов (Артр Шушеначев, 79);

Әзірбайжан: Шахруддин Магомедалиев (Қ) – Азер Салахлы, Ходжат Хагверди, Бахлул Мустафазаде, Бадави Гусейнов (Торал Байрамов, 79), Максим Медведев (К) – Эдди Исрафилов, Эмин Махмудов (Дмитрий Назаров, 79), Алексей Исаев ( Анатолий Нуриев, 68), Махир Эмрели (Рамиль Шейдаев), Ренат Дадашов (Намик Алескеров, 68);

Басқа жаңалықтар

Back to top button