Футзал

Футзал: «Қайрат» еліміздің 19 дүркін чемпионы атанды

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 2021/2022 жылғы маусымының чемпионы анықталды.

Плей-офф бәсекесінде сәтті өнер көрсетіп, финалға жеткен Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аяты» өзара чемпиондықты сарапқа салды. Алатау баурайындағы алғашқы екі ойында «Қайрат» жеңіске жеткен. Рудныйдағы үшінші матчта да Кака шәкірттері басым түсті. Сөйтіп, маусымның чемпионы анықталды.

Осылайша, «Қайрат» қатарынан 19-шы рет ел чемпионы атанып отыр. Енді «Аят» екеуі алдағы күзде Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды.

«Аят» – «Қайрат» – 2:4 (жалпы есептегі серия – 0:3)

Голдар: Леандриньо, Карпюк – Тұрсағұлов, Ақбалықов, Оразов, Санз

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button