БастыТеннис

Ига Швентек «Ролан Гарростың» жеңімпазы атанды

Әлемнің бірінші ракеткасы, 21 жастағы польшалық Ига Швентек "Ролан Гаррос" турнирінің жеңімпазы атанды.

Ол финалда 18 жастағы америкалық Кори Гауффтан оңай басым түсті. Қорытынды есеп  – 6:1, 6:3.

Швентек кәсіби деңгейде  ( WTA менITF жарыстарда) өзі қатысқан 17 финалдың 16-сында басым түсті. Жалғыз жеңілісі – 2019 жылғы Луганодағы WTA турнирінің финалы.

Ол осымен 35-ойын қатарынан жеңіске жетіп отыр. Бұл жағынан Винус Уильямспен теңесті. Алда т Селеш (36), Мартина Хингис (37), Эверт (55), Маргарет Корт (57), Граф (66) және Мартина Навратилова (74) бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button