Теннис

Теннис: Қазақстан әйелдер құрамасы әлемнің үздік он құрамасы қатарында

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді.

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды. Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты:

1.Аустралия – 1002,71 ұпай;

2,Франция – 885,6;

3.Испания – 884,62;

4.Чехия – 842,92;

5.Швейцария – 881,81;

6.Канада – 780,09;

7.АҚШ – 758,09;

8.Словакия – 744,23;

9.Қазақстан – 704,75;

10.Германия – 702,52.

Басқа жаңалықтар

Back to top button