Теннис

Рафаэль Надаль «Ролан Гарростың» 14 дүркін чемпионы атанды

Атақты испаниялық теннисші Рафаэль Надаль тағы да Франция ашық біріншілігінде өзінің теңдесіз екенін дәлелдеді.

Әлемнің бесінші ракеткасы финалда норвегиялық Каспер Руудты жеңді. Үш сеттегі жалпы есеп  – 6:3, 6:3, 6:0.

Испаниялық теннисші осылайша «Үлкен дулығаның» 22-мәрте жеңімпазы атанды. Осылайша, теннис әлеміндегі титулы көп спортшы атанып отыр. Бұл жағынан Роджер Федерер мен Новак Джоковичтан басып оздды.

Ал «Ролан Гарроста» ол 14-ші рет топ жарып отыр. Жалпы, Парижде 115 кездесу өткізіп, соның 112-сінде жеңіске жеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button