Футбол

Словакиямен ойында Қазақстан құрамасын капитан ретінде Қуат бастап шығады

Ұлттар лигасының С дивизионда ойнайтын Словакия мен Қазақстан арасындағы матчта команданы Исламбек Қуат бастап шығады.

Әзірбайжанмен матчтан кейін команда капитаны Асхат Тағыберген жарақат алып қалған. Ол елде қалды. Ал Словакиямен Трнавадағы ойында команданы Исламбек Қуат бастап шығады. Бұл туралы бас бапкер Магомед Адиев айтты.

«Исламбек -құрама көшбасшыларының бірі. Оның лидерлік қасиеті мол. Сондықтан Қуатқа сенім артып отырмыз», – деді ол.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button