Басты

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты

Словакияда 6х6 форматты шағын футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатыр.

Турнирдің ширек финалында Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңіп (1:1, пен. – 3:2), жартылай финалға жолдама алды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы F тобында үш ойын өткізген болатын: Грекиямен тең түсіп (2:2), Англияны жеңіп (2:1), Израильге есе жібердік (2:5).

1/8 финалда қазақстандықтар Черногорияны жеңді (3:3, пен. – 4:3).
Жартылай финалда біздің отандастарымыз Әзербайжан командасымен кездеседі. Матч бүгін, елорда уақытымен 22:30-да басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button