Семсерлесу

Қазақстандық семсерлесуші Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды

Сеулде (Оңтүстік Корея) семсерлесуден Азия чемпионаты басталды.

Жарыстың бірінші күні Қазақстан қоржынына медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Артем Саркисян жартылай финалда турнирдің жеңімпазы әрі қожайыны Гу Бонгилден 10:15 есебімен ұтылып, жарысты қола медальмен аяқтады.

Ширек финалда Артем жапондық спортшы Кокубо Маоны бір соққы (15:14) басымдығымен жеңген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button