Теннис

Теннис: Анна Данилина карьерасындағы 25-титулға қол жеткізді

Қазақстандық Анна Данилина мен украиналық теннисші Валерия Страхова Францияда өткен жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайтын турнирде жеңімпаз атанды .

Екеуі финлада Мария Лурдес Карле (Аргентина)/Мария Тимофеева (Ресей) жұбын жеңді.

Бірінші кезеңде қос Марияның жолы болды. Есеп – 6:2. Ал екінші партияда Данилина/Страхова жұбы 6:3 есебімен басым түсті. Сосын супер тай-брейкте қазақстандық-украиндық дуэт екі матч-пойнт ойнап, ақыры 14:12 есебімен жеңіске қол жеткізді. Бұл – Данилинаның мансабындағы жұптық сайыстағы 25-ші атағы. Соның ішінде ол Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жарысы аясында 24 жеңіске жеткен, сонымен қатар осы жылдың қаңтарында Сиднейде WTA250 сериясы турнирінде бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен бірге жеңіске жетті. Сондай-ақ, бұл Данилинаның Стаховамен өткізген бесінші бірлескен турнирдегі жеңісі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button