Теннис

Александр Бублик бірден бес саты жоғарылады

Кәсіпқой теннис қауымдастығы (ATP) жекелей сында теннисшілердің жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик тізімде бес саты жоғарылап, 37-орынға жайғасты, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Михаил Кукушкин де бес саты көтеріліп, 161-орында тұрса, Дмитрий Попко, керісінше, 11 саты төмендеп, енді 195-орыннан көрінді. Тимофей Скатов 231-орында (-24).

Үздік ондықта да өзгерістер бар. Серб Новак Джокович көшбасшылықтан айырылып, үшінші орынға тұрақтаса, оның орнын ресейлік Даниил Медведев басты. Үшінші орындағы неміс Александр Зверев екінші сатыдан көрінді. Ал испан Рафаэль Надаль төрттікте қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button