Хоккей

«Барыстың» бас бапкері ауысты

Елорданың «Барыс»  хоккей командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке ескілі-жаңалы беларусь маманы Андрей Скабелка жайғасты. 

Келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін, екі маусымға жасалды. Бапкердің соңғы жұмыс орны Ярославль қаласының «Локомотив» командасы болды. Скабелка қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. «Барыс» 2018/19 жылғы маусымда оның жетекшілігімен ұпай саны бойынша тұрақты маусым тарихында үздік нәтиже көрсеткен.  Екі жыл қатарынан Чернышев дивизионында көш басында болса, Гагарин кубогы шығыс конференциясында жартылай финалға дейін жетті.

Андрей Скабелка 1971 жылы 20 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби хоккейші ретінде 1988-2007 жылдарда Беларусь, Ресей клубтарында ойын көрсеткен.

2020-2022 жылдарда «Барыс» командасына қазақстандық маман Юрий Михайлис жетекшілік етті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button